Air Astana 12 жасар Зереге 5 млн теңге моральдық шығын төлейді

29 қазан, 16:04

Еске түсірсек, биыл жазда Астанадан Оралға ұшайын деп тұрған FlyArystan бортына 12 жасар қыз баланы отырғызбай қойған. Соның кесірінен егіздің сыңары Зере әуежайда қалды. Анасы Жазира Мусина осы жәйт туралы әлеуметтік парақшасына жазғаннан кейін ғана бұл мәселеге әуе компаниясы да, басқалар да назар аударуға мәжбүр болды.

FlyArystan басшылығы Зеренің анасымен мәмілеге келу үшін кездесуге шақырып, 4 млн теңге төлем ұсынған болатын. Бірақ Мусина мұндай ұсыныстан бас тартып, Инстаграм парақшасында «Сотта кездесеміз» деп жазды.

Енді, міне, Алматыдағы Түрксіб аудандық соты Аir Astana әуе компаниясына қатысты шешім шығарды.
Жазира Мусинаның адвокаты Дәнілхан Шағатаев әлеуметтік желідегі парақшасында: «Сот Air Astana әуе компаниясына Зеренің анасына 5 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді», — деп жазды.

Адвокаттың айтуынша, Аir Astana бастапқыда шағымды онша елемеген. Тек қоғамда наразылық күшейгеннен кейін мән берген.
Дәнілхан Шағатаев: «Бұл бірінші жағдай емес, сондықтан біз кәмелетке толмаған жолаушылардың құқығын қамтамасыз етуде нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін соңына дейін баруға шешім қабылдадық. Қазір комитет түзетулер бойынша жұмыс істеп жатыр», — деп жазды.

JQ-Aqparat

25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары