jasqazaq.kz

Әбиба Әбужақынова: Олимпиада медалінсіз тұрмысқа шықпаймын (Видео)

02 желтоқсан 2024, 14:23

Әбиба Әбужақынова еліміздегі телеарнаның бірімен кәсіби және жеке жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүбелі сұхбат 1 желтоқсанда Qazaqstan телеарнасының «Әйел әлемі» бағдарламасында жарық көрді. Әбибаның айтуынша, моральдық-психологиялық тұрғыдан ол әлі күнге дейін Олимпиада ойынындағы сәтсіздігінен қынжылады.

«40-қа келсем де, 50-де болсам да Париж Олимпиадасындағы жеңілістің ащы дәмін ұмытпаймын. Бала кезімнен спортшы болу үшін көп нәрседен бас тарттым. Отбасылық мерекелер, той-жиындар бәрі менсіз өтті. Сондықтан менің қазіргі басты міндетім — келесі Олимпиада ойындарына ден қою»,- деді спортшы.
Сөз арасында бағдарлама жүргізушісі спортшының отбасылық тұрғыдағы жоспарларын сұрады.

«Әйел адамның бақыты отбасында екенін білемін, бірақ мен алдымен спорттағы арманымды орындауым керек. Олимпиала медалінсіз тұрмысқа шықпаймын», — деп түйіндеді дзюдошы.
Оның айтуынша, ода әртүрлі медальдар жиынтығы бар, бірақ бақытты болу үшін Олимпиада медалі жетіспей тұр.

 

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет