jasqazaq.kz

Ақтөбеде теріс діни ағымда жүргендер екі қызды зорлап кетті

26 сәуiр 2017, 13:54

Ақтөбеде жат діннің жетегінде жүрген екі адам пәтерде тұратын екі студентті зорлап кетті. Бұл деректі облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы анықтады.

Ақтөбе облыстық ІІД бүгін теріс ағым жетегінде жүргендердің қылмысын әшкереледі. 37 және 35 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар бұрын сотталған, жат дінді ұстанады, сондай-ақ олар есірткі қолданған. «Екі күдікті Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде тұратын үйді тонаған. Олар құны 300 мың теңгеге бағаланатын заттарды алып кеткен. Кейін 26 және 21 жастағы қыздарды зорлаған. Осы оқиғаға байланысты Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық», «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша із қозғады. Полиция қызметкерлері осы ауыр қылмыстың ізін суытпай ашып, қылмыскерді қолға түсірді. Қазір олар қамауға алынды. Көп ұзамай сот алдында жауапкершілікке тартылатын болады. Олар жасаған қылмыстары үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін», — деді облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Бауыржан Атабаев. Айта кетейік, өңірде жат дін жетегінде жүргендердің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жыл басынан бері дәстүрлі емес дін жетегінде жүрген 19 адамның 25-і қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Олардың ұрлық, ұрып тонау, қарақшылық шабуыл жасау, қорғансыз әйелдерді зорлау қылмыстарына қатысы бар.

ҚазАқарат

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен