Ой, астапыралла! Бұл адам деген жарықтықты қойсаңшы! Армандамайтынды армандайды ғой. Міне, мынау Энни деген апамыз 99 жаста.
Биыл 100 жасқа толмақ. Соның қарсаңында орындалмаған арманының тізімін жасатпай ма? Сөйтсе, бір арманы — темір тордың ар жағында отыру боп шығыпты. Содан туыстары жергілікті полицейлермен келісіпті. Полицейлердің де басқа істейтін шаруасы қалмаған ба, апаны көшеде кәдімгідей ұстап алып, қолына кісен салып, темір тордың ар жағына екі минутқа қамап қойыпты. Ал керек болса! 99 жастағы кәрі апаң — мәз. Абақтыға отырып, құмарынан шықты ғой. Бұл адреналин деген шіркінді қойсаңшы! Осы адреналиннің қазақшасы қалай болады өзі?
Серік Жанболат facebook парақшасынан алынды