jasqazaq.kz

947 миллион теңге жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды

31 желтоқсан 2024, 11:27

Сурет: Polisia.kz

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, 2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

«Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

 

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет