jasqazaq.kz

80 жастағы әжей күреспен айналысып жүр (видео)

05 маусым 2018, 14:19

Түркия азаматшасы Айтен Алаташ 80 жасқа келгенде дзюдоспортымен айналысуға шешім қабылдаған. Кеш болса да күресу шеберлігін кәсіби деңгейде шыңдамақ болған әжейге түркиялық билік ресми түрде жарыстарға қатысуға өз рұқсатын берген.

 NUR.KZ. хабарлағандай, Айтен Алаташтың дзюдоға деген қызығушылығы немересінің жарыстарына барып тамашалағаннан кейін туындаған. Біраз сырттай бақылап жүріп әжей қартайған шағында күреспен айналысуға түбегейлі шешім қабылдайды.

Бүгінгі күні Айтен Алаташ жас жеткіншіктермен бірге жаттығу жасап, өз шеберлігін шыңдап жүр. Ол тіпті, өз жас ерекшелігінен мүлдем жасқанбайды. Қарт әженің қайсарлығы мен батылдығына барлық бапкерлер ұжымы мен жас дзюдошылар тәнті болуда.

Айтен Алаташ Түркияның спорт қауымы тарапынан үлкен мәртебе мен сыйласымдыққа ие болуда.

Болашақта жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алу әжейдің басты мақсатына айналған.

«Бұл спорт түріне немеремнің арқасына бет бұрдым. Бұған дейін тек жаттығуларына келіп жүріп, неге өзім айналыспасқа деген ой туындады. Оған қоса, дзюдоның арқасында денсаулығым да жақсарып, денем шынығып қалды», — дейді Айтен Алаташ.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр