jasqazaq.kz

8 жасар бала Қазақстанның рекордтар кітабына енді

29 қантар 2018, 12:24


Ақтөбелік оқушы Муса Туркумбаев Қазақстанның рекордын орнатты. Ол 42 рет турникке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде мектеп оқушысы Муса Туркумбаев бұған дейін де 55 рет турникке тартылып, 1600 рет кеудені жерден көтеріп өз рекордын жаңартқан. Енді 8 жастағы бала бұл рекордтық көрсеткішін әлем алдында дәлелдемек. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектеп оқушысы 3 жасынан бастап спортпен шұғылданды.

«Муса 2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан рекордын орнатты. Бұл бейнеролик үйіміздің ішінде түсірілді. Ол 42 рет турникке тартылды. Арада бір ай өткенде сол рекордтық көрсеткіштің сертификаты қолымызға түсті. Муса Қазақстан рекордтар кітабына енді. Алда үлкен белес бар. Біз әлем рекордын орнатқымыз келеді»,- деді Мусаның әкесі Асхат Туркумбаев.

Айта кетейік, Муса Туркумбаев әлем рекордын жаз айларына жасауы мүмкін. Қазір ол жан-жақты дайындалып жүр.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті