jasqazaq.kz

70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды

16 қантар 2018, 15:35

БҚО-да 70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Ақжайық ауданының 45 жастағы тұрғыны 70-тен аса ақбөкенді атып тастады деген күдікке ілінді. «12 қаңтарда Жаңғалы ауданы Көпжасар ауылдық округінің маңында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен инспекторлар тексеру шаралары барысында заңсыз ақбөкен аулағаны үшін Ақжайық ауданының 1973 жылғы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде 72 ақбөкеннің тұтас еті тәркіленді», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша («Заңсыз аңшылық») қылмыстық іс қозғалды. «Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген ІІД хабарламасында.

tengrinews.kz

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан