jasqazaq.kz

7 отбасы тұратын ауыл халқы шенеуніктерден көмек сұрады (видео)

02 ақпан 2018, 10:44


Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында 7 отбасы билік назарынан ұмыт қалған. Күнкөріс қамы қиындаған Құмарық бекетінің тұрғындары аудан орталығына қоныс аудара алмай отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Ал көшіруге әзірміз, тіпті пәтермен жарылқаймыз деген жергілікті билік уәдесін орындайтын емес. Ең сорақысы, мұнда балалар сауатсыз болып барады дейді жұрт. Өйткені небәрі алты оқушыға білім беретін маман тапшы.

КТК арнасының мәліметіне қарағанда, Құмарық бекетіндегі бастауыш мектептің жағдайы сын көтермейді. Онда 1-ші және 4-ші сынып аралығында бар-жоғы алты оқушы білім алып жатыр. Шәкірттерге 23 пән бойынша жалғыз мұғалім дәріс береді. Бірақ ағылшын тілін үйрену оқушыларға мұң. Өйткені шет тілінің маманы оқу жылы басталғалы жоқ.

«Ағылшын тілін білмейміз. Ағылшын тілі мүлдем оқытылмайды. Арасында оқимыз. Бұрында ағай келіп бір екі рет оқытқан ағылшын тілін», — дейді Іңкәр Молдияр есімді 4-сынып оқушысы.

Ата-ана ұл-қыздары сауатсыз болып қала ма деп алаңдаулы. Ал білім бөлімінің басшылығы ағылшын тілі пәнінің оқытылмауын маман тапшылығымен түсіндіреді. Яғни, шалғай ауылға мұғалімдердің келгісі жоқ.

«Енді қараңыз, мына мектеп биыл бітеді. Соңғы бала өзіміздікі. Осымен мектеп жабылады. Жол сұраған күнде мектеп ашылмайды, оны не істейміз. Луговой жақтан там берсе дейміз. Өйткені күйеуім теміржолда істейді. Балаларымыз интернатта қаңғырып оқып жатыр. Бізге баяғыда там беріледі деп әкім айтып кеткен», — дейді Құмарық бекетінің тұрғыны Алтынай Әлімбекова.

Жұртта қалған 7 үйдің жағдайы мәз емес. Мұндағылар азық-түлік алу үшін 15 шақырым жердегі аудан орталығына барады. Онсыз да жолы нашар бекетке қыста қатынау тіптен қиын. Сондықтан тұрғындар қоныс аударуды қалайды. Бірақ оған қаражат тапшы. Ал шенеуніктер қиналған жұртқа көмек қолын созуға асығатын емес.

«Аудан басшысымен ақылдассақ па деген ой бар. Қазіргі тұрып жатқан 7 үй жұмысы бар адамдарға үй қарастыру үйдің кезегіне тұрғызу. Жоспарда бар. Аудан есебінен тұрғын үй салынған. Соған кезекке тұрғызсақ па дейміз», — дейді Көкдөнен ауылдық аймағының әкімі Әбдіәшім Ілиясов.

Бұл сөзге қарасақ, 7 шаңырақтың талап-тілегі жуырда орындалмайтын тәрізді. Өйткені шенеуніктер елді көшіру үшін Құмарық бекетін келешегі жоқ елді мекендер тізіміне енді енгізгелі жатыр.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады