jasqazaq.kz

62 миллион теңгеге қарызға батқан бойжеткен, жүйке ауруына шалдықты

13 мамыр 2018, 11:33

Астанада 62 миллион теңге қарызға батқан бойжеткен жүйке ауруына шалдығып, емханада жатыр.  Анасының айтуынша, осыншама мол ақшаны студентке туыстары алдап алғызған. Өрімдей қыздың тағдырын ойыншыққа айналдырғандар жазасыз қалмауы керек дейді зардап шегушінің анасы Патима Полатбай.

«Институтты жаңадан бітіріп жатқан баланың өміріне балта шапты. Өмірін бұзды. Бәріңізде балаларыңыз бар. Түсініңіздер мені. Себебі менің баламды қазір қор қылып қойды», — дейді ол.

Көз жасына ерік берген Патима Полатбайдың айтуынша, 2007 жылы ажырасып кеткен күйеуінің туыстары екі қабатты коттеджді қызының атына жазып берген. Алайда екі жылдан кейін олардың қулығы әшкере болады.

Әкесінің жақындары сол кездегі 21 жастағы студент қызды алдап, құжаттарға қол қойдырып, оның атынан екі банктен 62 миллион теңге несие алғаны анықталған.

Ал кепілдікке қойылған үйді қайта өз аттарына аудартып алыпты. Десе де арада он жыл өтсе де, қыруар қарыз қыздың атында тұр.

Зардап шегушінің анасы туыстарының артында банкте сыбайласы барына сенімді. Бүгінде Астананың Ішкі Істер департаменті алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

 

Ктк арнасы

 

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен