jasqazaq.kz

500 мыңға баласын сатпақ болған алматылық ару (видео)

05 маусым 2018, 10:15

 

500 мыңға баласын сатпақ болған алматылық бойжеткен елдің жағасын ұстады. 22 жастағы Гүлмира есімді бойжеткенді жігіті тастап кеткен. «Өз ойым» бағдарламасына қонаққа келген бойжеткен жан сырымен бөлісті. 

NUR.KZ. хабарлағандай, жігітімен бір жыл кездескен Гүлмираның аяғы ауыр болып қалғанда жігіті аборт жасатуға ақша беріп, оны тастап кеткен.

«Аяғым ауыр екенін білгенде жігітім жанымда жүріп, бәрі жақсы болатынын айтты. Ал екі аптадан кейін ақша беріп, аборт жасатуымды өтінді. Содан кейін көрмедім. Мен өзім салонда шаш қиямын. Балаға қазір 14 апта. Анализдерім дұрыс, баланың дені сау. Үйде бауырыммен тұрамын. Ол білмейді. Жасырып жүрмін. Балам білінген сәтте жұмысымды басқа қалаға ауыстырып, сол жақта баламды жақсы отбасыға беріп, кредитімді жапқым келеді», — деді Гүлмира.

«Мен баланы еріккеннен сатайын деп жатқан жоқпын. Балама 14 аптада бауыр басып та қалдым. Басымда 500 мың кредитім бар. Оның үстіндегі өсімі күн сайын артып жатыр», — деді ағынан жарылған Гүлмира.

 

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр