Елу жолаушы шығып үлгерген соң, екі минут ішінде жалынға оранған қоғамдық көлік жарылып кеткен. Оқиға Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға.
Қала көшелерінің бірінде автобустан өрт шықты. Абырой болғанда үрейі ұшқан жолаушылар көліктен аман-есен шығып үлгерген. Арада бірнеше минут өткенде автобус жарылып кеткен.
Жалынды өрт сөндірушілер келіп сөндірді. Енді полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.