Балқашта 5 қабаттың терезесінен құлаған қыз аман қалды. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарма баспасөз хатшысы Айжан Иса «28 ақпан күні Балқаштың орталық аурханасына жағдайы өте ауыр қыз жеткізілді. Бас миы шайқалған, аяғы мен қолы сынып, өкпесі жарылған. Шұғыл травматолог, нейрохирург, хирург және өзе де мамандардан мультидициплинарлық команда жасақталды. Нейрохирург, хирург және травматолог бір мезетте өздерінің бағыттары бойынша ота жасады»-дейді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы бірқалыпты. Бұған қоса, дәрігерлер оның жарақаттары мүгедектікке апарып соқпайды деп үміттеніп отыр. Қыз әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бастапқыда ол жасанды жолдармен тыныс алған. Қазір жасанды тыныс алу аппараты ажыратылды. Яғни, қыз өз бетінше дем ала алады. Пациенттің жағдайы өте ауыр, бірақ бірқалыпты деп бағаланады. Оң өзгерістер бар екен.