jasqazaq.kz

40 жыл трактор тізгіндеген көкшетаулық әжей (видео)

14 наурыз 2018, 17:50

Бүгінде жеңіл көлік жүргізетін қыз-келіншектерді көргенде таңырқамайтынымыз рас. Ал трактор тізгіндеген әйелдер саусақпен санарлық. Солардың бірі – солтүстікқазақстандық зейнеткер Людмила Коробейникова. Әжей 40 жыл бойы сенімді серігінен қол үзген емес.

Людмила Коробейникованы алғаш рет трактор рөліне әкесі отырғызыпты. Ол 6-сынып оқып жүрген кезінен бастап ер адамдармен иық тіресіп, қыстық отын әзірлеуге жыл сайын көмектесетінін еске алады. 40 жылдан астам уақыт ауыр техника тізгіндеген әжей алты ай бұрын зейнетке шыққан. Жасы алпысты алқымдаса да, тракторға қарғып мініп, үйреншікті қимылмен моторды іске қосады.

«Мектепті тәмамдаған соң құрбыларыммен бірге механизаторлық курсқа қабылдандым. Қыздардың ешқайсысы оқуын аяқтаған жоқ. Мен бұл мамандықты меңгеріп, өмір бойы кәсіп еттім. 1977 жылдың 21 мамырында өзім жұмыс істейтін мекеме бригадирінің бұйрығымен МТЗ-50 тракторына отырдым. Оның тізгіні қолыма тиген күн әлі есімде. Трактормен егістік алқабына су, тыңайтқыштар жеткізіп тұрдым. Кейін картоп егуге арналған тіркемемен жұмыс істедім. Ол кезде механизатор әйелдердің саны аз болса да, бүгінгідей таңсық емес еді. Қазір қыздар түгіл, ұлдар да жұмыстың жеңілін іздейді», — деп ағынан жарылды Людмила Коробейникова.

Людмила Ивановнаны жақын достары мен әріптестері тракторды тізгіндеген әйел ретінде ғана емес, сүйікті жар, аяулы ана, жарқын мінезді, мейірімді адам ретінде де таниды. Жолдасы Николаймен де жұмыс барысында танысыпты. 35 жыл отау құрып отырған өмірлік жолдасы оны осы қасиеті үшін ұнатқан көрінеді. Екеуі жұмысты да, үй шаруасын да бірге істейді.

«Людамен танысқанда ол небары 16 жаста еді. Ауыр жұмыс істесе де, мінезі жұмсақ. Екі қызымызды барымызды салып тәрбиелеуге тырыстық. Ол ауысымда жүргенде балаларды балабақшаға мен апарамын. Мен жұмыста болсам, үй шаруасы Людмиланың мойнына түсетін. Ең бастысы – бір-бірімізді түсінеміз», — дейді Людмила Ивановнаның жолдасы Николай Коробейников.

40 жыл ішінде Людмила Коробейникова ауыр техниканың түр-түрінің тілін меңгерген. Ол асфальт тегістейтін каток, тиегіш, тұқым сепкіш машинамен жұмыс істеген. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында Бәйтерек ауылы салынғанда тәжірибесі мол Людмила Ивановна құрылысқа арнайы шақыртылыпты. Соңғы жылдары тракторшы әйел тас жол төсейтін серіктестікте жұмыс істеп, сол ұжымда зейнетке шықты. 60 ер адамның арасындағы жалғыз нәзік жан құрметке ие.

«2007 жылы Новокаменкадан Петерфельдке дейінгі жол учаскесін жөндеу жөніндегі тендерді ұтқаннан кейін Новокаменкаға бардық. Сонда Белорус тракторында жұмыс істеген Людмиланы көріп, өзімізге шақырдым. Еш өкінбеймін. Ер адамдарға қарағанда әлдеқайда епті. Жұмысын адал істейді. Техника сынып қалса, тез жөндей алады», — дейді серіктестік директорының орынбасары Георгий Карапетян.

Білікті маман құрметті демалысқа шықса да, маусымдық жұмысқа шақырту алып тұрады. Зейнеткер трактор тізгініне отырудың оңтайлы сәті түссе, қалт жібермейді.

«Қазір де жұмысқа шақыртулар түсіп жатады. Қуана-қуана келісемін. Бүгінгі техника автоматтандырылған. Бұрынғы тракторларға қарағанда әлдеқайда қуатты, жеңіл жүргізіледі. Мен мұндай техникада отырғанда демалам», — дейді ол.

Baq.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен