jasqazaq.kz

40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді

20 мамыр 2018, 10:08

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді. Порталдың мәліметінше, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Алтын той», «Күміс той» иелері мен жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі тапсырылды.

 

«Алтын той» иелері Амангелді және Анар Нәбиевтер 50 жыл бұрын неке қиған. 50 жылдан астам бір шаңырақ астында тұрып, өмір өткелдерінен қол ұстасып өтіп келе жатқан Нәбиевтер неке жүзіктерімен алмасып, тағы жарты ғасыр бір-біріне адал болуға уәде етті.
«25 жыл бұрын ғана осындай күйде болған едік, керемет әсерде тұрмыз. Көзді ашып жұмғанша ширек ғасыр өтіпті. Бақытты ғұмыр кешу үшін, әйелдер, яғни, қыз-келіншектерге сабырлы болу керек. Екінші жартысының көңіл-күйі, үй жұмыстарының басым бөлігі соларға жүктеледі», — деді олар. Неке қию кезегі жас отау иелеріне келді. Жас жұбайларға аға буын өкілдері «біздің жолымызды берсін», деп ақ батасын берді.


«Жаңа өмірге қадам бастық. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Әрине, дәл бүгінгідей аға буын өкілдерінен бата алып жолымыз болды. Осы кісілердің жолын бере берсін», — деді Қуандық Зеноллаев пен Жәмиля Ілияс. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері 2420 неке қию тіркелген.

tengrinews.kz

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен