jasqazaq.kz

38 магнит жұтқан бала туралы жаңа дерек

02 наурыз 2018, 14:11

Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөлімінің дәрігерлері 38 магнит жұтып қойған баланың жағдайы туралы айтты.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Қазір баланың жағдайы тұрақты. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бала есін жиған. 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр», — деді . Оның айтуынша, оң динамика жалғасқан жағдайда баланы ертең палатаға ауыстырады.
Дәрігерлер ата-аналарға балаларын мұқият қарауды ескертті. 1-14 жасқа дейінгі балалар абайсызда түйме, ине, гелден жасалған шар, тиын, сүйек, дән жұтып қояды. Жылына 4-5 рет Алматы хирургтары балалардың асқазанынан магнит бұйымдарын алып шығады.
Айта кету керек, кеше Алматыда 5 жастағы балаға шұғыл ота жасалып, ішегінен 38 магнит тастары алынған болатын.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді