jasqazaq.kz

32 млн теңгеден астам заңсыз сыйақы алған: Өскемендегі ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталды

05 желтоқсан 2024, 9:55

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

ҚМА хабарлауынша, 2023 жылдың ақпан мен қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

«Follow the money қағидаты бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін Агенттіктің «Параллельді қаржылық тергеу» іске асырылып жатқан жобасы 32 млн теңгеден астам заңсыз сыйақылар түрінде алынған қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді. Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы алғаны белгілі болды», — делінген хабарламада.

Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, олардың қылмыстық шығу тегін жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударымдар жасаған.

Бұдан басқа, параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық ақша қаражатына күдіктінің Өскемен қаласында екі бөлмелі пәтер сатып алынғаны және оны жасыру мақсатында анасына ресімделгені анықталды.

Кейіннен бұл пәтер тәуліктік жалға беру үшін пайдаланылып, 1,2 млн теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген.

Сонымен қатар, тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген.

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылды. Оған Қылмыстық жолмен алынған 19,5 млн теңге болатын Өскемен қаласындағы екі бөлмелі пәтерді мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

JQ-Aqparat 

Сурет: Видеодан кадр
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда