jasqazaq.kz

300 млн теңгенің мемлекеттік мүлкін туыстарына таратқан экс-шенеунік сотталды

25 мамыр 2022, 10:47

Таразда құны 300 миллион теңгеге жуық мемлекеттік бес нысанды туыстарына берді деп айыпталған «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының» бұрынғы директоры Сәкен Бақтыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, іскер шенеунік қызметтік бабын пайдаланып, төрт ғимарат пен бір жер телімін сыйға тарту туралы заңсыз бұйрықтар шығарған. Мемлекеттік нысандардың жалпы құны шамамен 300 миллион теңге болды.

Белгілі болғандай, Бақтыбаев өз атына тіркеген бес нысанның екеуін сатып үлгерген, ал қалғаны интернет арқылы сатылымға шығарылған.

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Сержан Әбдіқұлов:

Бақтыбаев Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол сот үкімі заңды күшіне енбегенін атап өтті. Сондай-ақ экс-шенеунік мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкімді облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды.

Мәмілелер жарамсыз деп танылып, ғимараттар мен жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады