jasqazaq.kz

3 ұпаймен үшінші тұр

27 наурыз 2023, 9:52


Келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық ойындарына іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын өткізген ұлттық құрама жеңіске жетті. «Астана Арена» стадионында жігіттер Дания құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Рас, біздің құрама соңғы жылдарға дейін бірінші таймды тәуір өткізіп, екінші тайымда мелдектеп қалатын. Соңғы кездері бұл «кеселден» арыла бастағандай. Оған дәлел Данияға қарсы өткізген матч. Қонақтар қатарынан Расмус Хойлунд қалай ойқастады кеше. 21-минутта есеп ашып, 36-минутта еншісіне екінші голын жазып, 0:2 есебімен қонақтар алға ұзаған болатын. Матчтың негізгі уақытының аяқталуына бар болғаны 17-минут қалғанда Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден гол соқты. 86-минутта құраманың капитаны Асхат Тағыберген шалғайдан шірене тартып, даттардың қақпасын қақырата жаздады. 89-минутта Абат Айымбетовтің жеңіс голы қонақтардың жігерін құм етті. Міне, ұлттық құрамаға жетіспей жүрген мінезді жігіттер көрсетті. Іріктеу кезеңіндегі екі матчтан кейін 3 ұпай алған ұлттық құрама турнир кестесінде үшінші сатыға жайғасты. Көш басында Словения құрамасы тұр, алты ұпайы бар. Екінші сатыда Дания құрамасы, үштікті біздің жігіттер түйіндеді. Н тобындағы Финляндия мен Солтүстік Ирландия құрамаларында да 3 ұпай бар. Әзірге қоржыны бос, ұпайсыз келе жатқан Сан-Марино құрамасы ғана.

Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама ойыншылары келесі матчты 16 маусымда сырт алаңда өткізіп, Сан-Марино құрамасына қарсы тартысқа түседі.

JQ-Aqparat

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова