jasqazaq.kz

25 мемлекет, 14 банк: АЭС қуатын 3 есе арттыру керек!

26 қыркүйек 2024, 13:51

Аса ірі мемлекеттер мен алпауыт банктер әлем елдері атом энергетикасының қуатын 3 есе арттыруды көздеп отыр. Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Климат конференциясына қатысушылар ғаламдық ядролық энергетика жобаларының таза әрі қауіпсіз энергия алуда маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы «Геоэнергетика» Телеграм-каналы enviromentenergyleader.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Осы дүйсенбіде Abu Dhabi Commercial Bank, Ares Management, Bank of America, Barclays, BNP Paribas, Brookfield, Citi, Credit Agricole CIB, Goldman Sachs, Guggenheim Securities LLC, Morgan Stanley, Rothschild & Co, Segra Capital Management и Societe Generale сияқты 14 қаржы институты ұзақ мерзімді бейбіт атом өнеркәсібінің ауқымын кеңейтуге арналған жобаларды қолдайтынын мәлімдеді. Бұл көміртегі төмен экологиялық экономикаға көшуге мүмкіндік береді.

Жиынды кіріспе сөзбен ашқан АҚШ президентінің халықаралық климат саясаты жөніндегі аға кеңесшісі Джон Подеста (John Podesta) «Біздің ұжымдық миссиямыз айқын: атом энергиясы – таза энергия» деді. Ал Словения премьер-министрі Роберт Голобтың (Robert Golob) пікірінше, банктер ауаға СО2 таратпайтын атом энергиясының өзге қуат көздерімен бәсекеге қабілетті болуы үшін оңтайлы қаржы тетіктерін қалыптастыруы тиіс.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастығы да банктердің осы мәселеге қатысты ұстанымын қызу қолдап, қаржы және капитал нарығының атом энергетикасы жобаларын дайындау және қаржыландыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Былтырғы желтоқсанда Дубайда өткен БҰҰ Климаттың өзгеру конференциясында (COP-28) 25 елдің өкілдері атом энергетикасының үлесін арттыру жөнінде міндеттеме алған еді.
Телеграм-канал жаппай «жасыл энергияға» көшу науқаны басталғанда ядролық энергетиканың шетке ысырылғанын еске салып, АЭС-ті жапқан Германия сияқты елдерге қазір арзан қуат көзін табу бас ауруына айналды дейді.

Талап Тілеген

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды