jasqazaq.kz

2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды

08 желтоқсан 2017, 11:19

Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері атанды,-деп жазды eurosport.com.

Марапаттау Париж қаласындағы әйгілі Эйфель мұнарасында салтанатты түрде өткізілді. Бұл футболшы 2017 жылы команда сапында да, жеке көрсеткіштер бойынша да көптеген ірі жеңістерге жетті.

Атап айтсақ, Португалия ұлттық құрамасының 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алуына, «Реалдың» бес жылдық үзілістен соң Испания чемпионатын, УЕФА Чемпиондар лигасының бас жүлдесін тарихта алғаш рет қатарынан екі рет, жалпы 12-ші рет жеңіп алуына тікелей себепші болған.

Бұдан бөлек, 2017 жылы Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан футболшы, турнир тарихында топтық кезеңнің барлық матчында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетелік, «Алтын допты» France Football журналы жылдың үздік футболшысы деп танылған ойыншыға береді.

Португалиялық форвард ерекше сыйлық иегерлерінің арасында осы кезге дейін үздік болып келген Аргентина шабуылшысы Лионель Мессимен теңесті.

 

И снова он… в пятый раз… @cristiano 😍

Публикация от ВИДЕО WhatsApp 👇 (@kazakh_video)

stan.kz

Бүгін, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 14:10
Түркістан: Бақша өнімдерін өсіруге басымдық берілуде
29 шiлде, 14:01
Түркістан: Бәйдібек ауданына мажарстандық инвесторлар келді
29 шiлде, 13:49
Түркістан: Сауран ауданында 200-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады
29 шiлде, 12:55
Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цезы ашылды
28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті