jasqazaq.kz

20 жыл азаматтық некеде тұрған әйел жан сырын ақтарды

06 сәуiр 2018, 10:27


Көкшетаулық Елизавета Ш. 20 жылдан астам уақыт азаматтық некеде болған. Айтуынша, ол әділдікке жете алмай жүр. Ал туған ұлы өзінен алшақтап кеткен.
Nur.kz хабарлағандай, Елизавета өзінің бұрынғы жарымен 11 жасында, әпкесінің тойында танысыпты. Ол кезде жігіт 23 жаста болған екен. Екеуі біраз уақыт араласып жүріп, қыздың жасы 15-ке толғанда, азамат оны зорлап кетеді.  Лизаның ата-анасы аталмыш оқиғаны жасыруғы тырысып, С.-ға тұрмысқа береді. Сонымен, ару «ауылда ұят болмасын» деп, бала арманының барлығын артта қалдырады. Лизаның жасы кәмелетке толмағандықтан, олар ресми түрде үйленбеген. Азамат кешірек неке құжатына қол қоямыз деп алдап, 22 жыл жүріпті.

16 жасында Лиза тұңғыш ұлына жүкті болады. Алайда жүйкесі жұқарып, күнде таяқтың астында қалғандықтан, одан кейін көтерген балаларын түсіріп ала берген.   Күйеуі күнде ішіп, шу шығаратындықтан, енесі олардың заттарын ұстатып, әлі салынып бітпеген үйге тұрыңдар деп жібереді. Екі бөлмеде тұрып, құрылыстың қалған бөлігін әйел өзі бітіреді.

Ер-азаматы жұмыс жасамаса да, Лиза барлығына өзі жүгіріп, отбасылық жағдайын бір қалыпқа келтіргендей болады. Алайда С. біреуді атып кетіп, үш ай бойы қашып жүреді. Соңында бәрібір қолға түсіп, жазасын шартты түрде өтейтін болған.  Оның жалғыз ұлы үлкен азамат болып өсіп, спортта жақсы жеткістіктерге жете бастайды.

Уақыт өте келе, күйеуі ұрыс-керіс пен сабап тастауды тоқтатпаған соң, Лиза одан ажырасамын деп шешіпті.  «Мені тағы да қатты ұрып тастаған соң, мен үйден кетіп қалдым. Күйеуімді сотқа беріп, маған пәтер алып берсе дедім. Алайда сотта ол жеңіп кетті де, маған түк бермей қойды», -дейді Лиза.
Әйел қазір пәтер жалдап, екі жұмыста қатар істеп жүр. Бірақ оған ең ауыр тиетіні — баласының алшақтап кеткені екен. Лиза бұрынғы күйеуім ұлымды маған қарсы айдап салды деп отыр. Оның анасынан шеттеп кеткені соншалық, тіпті, үйлену тойына да шақырмай қойыпты.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды