Желіде бойжеткен 20 сыраны шөлмегін бірінен соң бірін ішіп елді таңғалдырды.
Видеоны түсіруші Бойжеткеннің Баткеннен келгенін еске салуда. Баткен Қырғызстан қаласы. Соған қарағанда бойжеткен қырғыз қызы болуы мүмкін.
Айка есімді бұл бойжеткен қатар тұрған сыра бөтелкелерін бірінен соң бірін ішіп төңкеріп тастап жатыр. Оның алдында 20 шақты шөлмек тұр. Бойжеткен сыраны еш қиналмастан су секілді сылқита берді.
Мұны көрген желі қолданушылары жаға ұстады. Бірі қыз баланың осындай қылығына күйінді. Енді бірі тәбетіне таңғалғанын жасырмады.