jasqazaq.kz

20 млн теңгеге торт: Блогер танымал жұлдыздармен туған күнін дүркіретіп тойлады (Видео)

18 қараша 2024, 11:05

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғаның туған күнін аса дарақылықпен тойлаған. Олар P.Diddy-дің «ақ кештерін» басшылыққа алған болуы керек, себебі туған күн қонақтарының дресс-коды ақ киім болған. Бұл туралы Azattyq-ruhy сайты жазды.

Жақында некесіз баласы бар екені белгілі болып, басы дауға қалған блогер Дархан Жолшыбеков тағы да елді шулатты. Бұл жолы ол әйеліне елде болмаған той жасап берген. Дариға Нұкееваның 26 жасына Қазақстанның әншілері мен блогерлерінен басқа, Ресейден ат терлетіп танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров та келген.

Осы кешті жүргізген де сол болды. Ал қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Мәдина Сәдуақасова сынды әншілер туған күн иесі үшін ән салған.

Сондай-ақ туған күн иесі үшін құны 20 млн теңгенің торты әзірленген. Оның ұзындығы 2 метрге жуықтайды, зәулім сарай сынды тәтті бәліштің қақ ортасында блогердің лақап аты  — «DARICORN» деген жазуды байқауға болады.

Бұған дейін жазғанымыздай, Дархан Жолшыбеков әйеліне 150 млн теңгенің темір тұлпарын сыйлаған еді. Дегенмен, БАҚ беттерінде ол басқа әйелден туған қызына ай сайын 15 мың теңге алимент төлеп келгені жазылған. Кейін блогер қызына пәтер мен көлік сыйлағаны хабарланған болатын.

@ellaman.777 #happybirthday #дарикорн #дарханжолшыбеков ♬ оригинальный звук — Elaman 🫣

Сурет: instagram.com/stories/darhanzholshybekov/
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет