jasqazaq.kz

2 жасар қыздың аяғын скотчпен орап тастаған

29 мамыр 2018, 16:36

Солтүстік Каролина тұрғыны Джессика Хейз әдеттегідей екі жасар қызын балабақшадан алуға келген. Алайда, ол қызының аяқ киімінің аяғына скотчпен мықтылап оралып тұрғанын көріп, зәресі ұшқан.
Караван хабарлағандай, балабақша тәрбиешілері скотчты қатты орағаны соншалық, тіпті қыздың аяғы ісіп, көгеріп кеткен.
Екі жасар қыз аяқ киімді өздігінен шешуді жаңадан үйреніп келе жатқан екен. Бірақ  сәбидің үнемі аяқ-киімін шешіп тастайтыны балабақша тәрбиешілерін ашуландырған. Содан, баланың аяқ киімін қайта-қайта кидіргілері келмеген тәрбиешілер, оның аяқ киімін аяғына скотчпен орап тастаған.
Бұны қыздың анасы балабақшаға келгенде көріп қалған. Бүлдіршіннің анасы сол уақытта жанжал шығармағанымен, қызының аяғын суретке түсіріп Facebook парақшасында жариялаған.
Бұл жазбаны көрген желі пайдаланушылар тәрбиешілердің әрекеттерін қатаң сынға алды. Сондай-ақ тағы бір ата-ана қызының да осындай жағдайға тап болғанын айтты.
Қыздың аяғына қатысты жарияланған жазба желіде қызу талқыға түскеннен кейін тәрбиеші де көп ұзамай жұмыстан қуылды, ал балабақша басшылығы Джессикадан кешірім сұрады.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен