jasqazaq.kz

17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

05 маусым 2018, 9:48

Талдықорғанда тағы бір адам менингокок инфекциясынан көз жұмды. Аталған ақпаратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады. Бұл туралы jasqazaq.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Иә, 17 жастағы студенттің менингокок инфекциясынан көз жүмғанын растаймыз. Науқастың ауруы жедел түрде өткен. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болған. Студенттің нақты қай оқу орнында оқығаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ», — деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Сондай-ақ Ғ.Жүкел науқас бүгін сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада қайтыс болғанын мәлім етті. Оның сөзінше, студент өзге науқастардан оқшауланған. Айта кету керек, бұл менингит дертін жұқтырып, адам өлімімен аяқталған Талдықорғандағы екінші жағдай. Бұған дейін қалада 2 жасар қыз бала инфекциялық ауруханада көз жұмған болатын. Ал жалпы облыс бойынша аталған дерттен 4-ші адам көз жұмды.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді