jasqazaq.kz

17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

01 ақпан 2018, 18:19

Астанада 17 жастағы бойжеткенді алаяқтар жұмысқа тұрғызамыз деп алдап соғып, сексуалды күң еткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордадағы «Қорғау Астана» қоғамдық қорының жетекшісі Анна Рыль ұйымға отбасы мүшелерінен зәбір көрген жандардан бөлек, сексуалды зорлыққа ұшыраған бойжеткендердің де көмекке жүгінетінін айтып берді. Қор басшысының айтуынша, өкінішке орай, мұндай жағдайларға тұрмысы төмен отбасылардың жас қыздары ілігеді екен.

«Бізде мынадай оқиға болды. Көкшетау қаласынан жасы 17 жастағы бойжеткен келіп, осында заң колледжіне оқуға түспек болады. Бірде бойжеткеннің танысы оны жұмысқа орналастырамын деген желеумен пәтерге әкеліп, сонда екі ай бойы қамауда ұстап, оны ер адамдармен төсек қатынасына түсуге мәжбүрлеп келген. Бірақ бойжеткен сол екі ай уақыт аралығында анасына хабарласып тұрғанымен, қорыққанынан болған жайт туралы жақ ашпаған.
Полиция арнайы рейд барысында жаңағы пәтерді тауып, қызды да қамаудан алып шыққан. Қорқыныштысы, қыздың сау-тамтығы қалмаған, денесіне қышыма қотыр қаптап, басының сыртқы терісі іріңдеп кеткен. Біздің дағдарыс орталығында жас қызды қалыпқа келтіріп, анасымен табыстырдық», — деп болған оқиғаны баяндап берді қор жетекшісі.
Анна ханым мұндай жағдайларда жасөспірімдерге кінә артуға болмайтынын, олар аңғалдық пен білместіктен аталмыш жайттарға тап болатынын атап өтті.

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық немесе аталған оқиғадағыдай сексуалдық зорлық болсын, бәрінде бірдей қыздарды кінәлауға болмайды. Олар мұндайды тағдырды тілеп алмайды ғой? Мәселен, осы оқиғадағы жасөспірім қыз «клиенттерге қызмет көрсеткені» үшін бір тиын да алмаған. Қазіргі заманда, өкінішке орай, осындай тірлік – нағыз бизнестің, ақшаның көзі болып отыр.
Сутенерлер вокзалда, адам көп шоғырланған жерлерде әлгіндей қыздарды әдейі аңдып жүріп, пәтерлеріне алдап апарады. Алдап апарып, жай ғана босата салса бірсәрі ғой, ішімдікке тойғызып, клиенттер әкеліп зорлатады. Сол себепті, қыздарға аса сақ болып, бейтаныс жандармен танымайтын жерлерге бармаған абзал», — деп сөзін қорытындылады маман.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады