jasqazaq.kz

17 жасар жігіт әкесінің көлігімен екі адамды қағып кетті

16 мамыр 2018, 10:21

Астанада 17 жастағы жігіт әкесінің көлігімен Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында екі адамды қағып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 15 мамырда шамамен сағат 18:30-да болған. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. «Жол-патрульдік полиция мен Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны Мәскеу көшесіндегі аулалардың бірінен тауып алды. Жүргізушінің 2001 жылғы екені анықталды (көлік әкесіне тиесілі). Қазіргі уақытта ата-анасымен бірге тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция өкілдері. Жол апатынан зардап шеккендер — 1983 және 1977 жылғы жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа жеткізілді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен