jasqazaq.kz

Саид Бицоев: Қазақтың жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз

02 наурыз 2024, 16:48

Белгілі шешен журналисі Саид Бицоев Қазақстан халқын көктемнің алғашқы күні атап өтілген  Алғыс айту күнімен құттықтады. 

Ол өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз 1944 жылы Қазақстанды паналаған репрессияға ұшыраған ингуш шешендердің тікелей ұрпағымыз. Біз бірнеше саяси қасіретті кезеңді бірге өткерген елдерміз.  Сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Қазақстандағы «сталиндік террор» құрбандарының жалпы саны бірнеше миллионнан асады. Бірақ дана қазақ шешен, ингуш және басқа жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінді. Сондықтан мүмкіндігінше көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысты. Бұл ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды».

Сондай-ақ ол қазақ халқының  жанашырлығын ешқашан ұмытпайтынын айтты:

«Ғасырлар өтсе де, қазақтың ерлігі, батылдығы мен тектілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүрегімізде сақталады. Біз қазірден бастап бірге болуға лайықпыз! Бауырлас халық болуға дайынбыз! Рақмет, қазақ елі!» деді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады