jasqazaq.kz

15 жыл өткен соң: Жұлдызай Дүйсенбиева «Шаншарға» қайта оралды (Видео)

18 желтоқсан 2024, 14:28

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева «Қазақстан» телеарнасындағы сұхбатында 15 жылдан кейін “Шаншардың” сахнасына қайта оралған сәтін есіне алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Халықтың қошеметі ерекше болды. Сахнадағы сезімімді айта алмаймын. Оны өзің сезінуің керек. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін осыны армандайтынмын. Ішімде эмоциям толып жатты. Қошемет көрсеткен кезде осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегенін түсіндім. Халыққа сондай ризамын. Бәрін құшақтағым келеді. Мені сахнадан анам көріп, ол кісі де жылап қалды. Халыққа басымды жерге тигізіп тұрып, рақмет айтамын», – деген актриса Уәлибек Әбдіраимовпен байланысты қызық оқиғаға тоқталып өтті:

“Дина үйге келген. Есікті ашып қалса, бір тотықұсы өліп қалыпты. Ол ақырып жылаған. Өзі аса эмоциналды қыз ғой. Уәлибек ағалар ол кезде Арысқа жетіп қалған. Сол сәтте Уәкеңнің әйелі Динаға хабарласқан. Ол қатты жылап, сөзін дұрыс жеткізе алмай қалған. «Жұлдызай әперген тотықұс өлді» дегені Уәлибек ағаның келіншегіне «Жұлдызай өлді» деп естілген ғой. Жанар әпке шошып, «Қашан?» десе, «Білмеймін, үйге келсем өліп жатыр» деп жауап берген Дина. Солай Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан. Сол кезде ағамыз үйге жеткенше өз-өзіне келе алмағанын айтты. Аяғы дірілдеп шыға алмаған. Бесінші қабатқа көтерілсе, есік ашық тұрған. «Кіре алмай, тұрып қалдым» деді. Солай кіріп, жағдайды білген. Үйге келе жатқанда Уәлибек аға маған хабарласқан екен. Жолда болған соң желі ұстамаған. Ол кісі мені шынымен өліп қалды деп ойлаған. Сонда Уәкеңнің маған деген жанашырлығын ерекше сезіндім. Ол кісі маған әке болды ғой», – Жұлдызай Дүйсенбиева.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Бүгін, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды