jasqazaq.kz

15 жасынан бастап өгей әкесінен қорлық көріп келген

29 тамыз 2018, 15:23

Айсұлу есімді қазақ қызы өгей әкесінен қорлық көріп өскенін айтты. Айтуынша, анасы да күйеуінің зорлығына шыдап келген.

Бұл туралы “Әйел сыры” бағдарламасында айтылды.

“Әкем ішімдік ішкен соң анам ажырасып кетті. Кейін екінші рет тұрмыс құрды. Өгей әкем де ажырасқан адам болатын. Ол да арақ ішетін. Анамды да, мені де таяқтың астына алып, ұрып-соқты. Анам маған араша түссе, өзін сабап тастайтын. Сол кісінің үйінде тұрғандықтан кете алмадық”, – дейді Айсұлу.

Бойжеткен өткен шағын еске алып жылады. Ер адам атаулының бәріне сенімсіздікпен қарайтынын, ешкіммен араласа алмайтынын айтты.

“Өгей әкем мені ұрып-соғып, қараңғы бөлмеге қамап қоятын. Жақсы киім киіп, жақсы тамақ та ішкен емеспіз. Кейін оқуға кеткен соң, одан құтылдым. Бірақ анам әлі де күйеуінің қорлығына шыдап келеді”, – дейді ол.

Айсұлу өгей әкесінен туған бауырларының барын айтты. Жасы небәрі 20-ға толған бойжеткеннің қорлықпен өткен бала күні көпшіліктің жанын ауыртты.

Бойжеткен ел алдына жүзін жасырып көзілдірік тағып, басына жасанды шаш киіп шықты.

stan.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен