jasqazaq.kz

1100-ден астам мектеп, балабақша, аурухана, балалар үйі азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған

17 қантар, 15:37

Өткен жылы азық-түлік бағасын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі забарлағандай, оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды.
685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге себін тигізді.
Агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, «алыпсатарлық» схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асыруда.
Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді.
Осылайша, Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді. Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмық бағасын 500 пайыздан астам көтеріп жеткізіп берген.
Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180 пайызға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталды. ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.
Осындай жұмыстар Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.
ҚМА мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу, сауда үстемақыларын асыра көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, заңсыз алынған табыс көлеміне пара-пар айыппұлдар қолдану, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірледі.

JQ-Aqparat

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр