jasqazaq.kz

11 жасар балаға көлігін жүргізуге берген азамат айыппұл төлейді

24 сәуiр 2018, 16:28

Алматы облысының Ішкі істер басқармасы 11 жастағы баласына көлікті басқаруға берген азаматты анықтады.

Еске салсақ, жақында «Алматы-Қапшағай» тасжолы бойында жасөспірім баланың автокөлікті жүргізіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын. «Осыған орай жүргізілген арнайы шаралар барысында «Лада гранта» автокөлігінің иесі анықталды. Ол Іле ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚазАқпарат хабарлағандай, 22 сәуірде жарияланған видеода «Алматы-Қапшағай» тас жолында аталған автокөліктің рулінде 11 жастағы баланың отырғаны түсірілген. Автокөлік иесі рульде отырған баланың әрекеті өзінің бақылауында болғанын, бала жүргізушінің алдында отырғанын айтады. Дегенмен, автокөлік иесіне үлкен сомада айыппұл салынды», — делінген баспасөз баянында. Айта кетерлігі, полиция ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру) хаттама толтырған. Ол бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылады.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті