jasqazaq.kz

10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған

18 қантар 2018, 13:13

10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ІІД мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда шамамен түнгі сағат 3.10-да Луговой станциясындағы «Дидо-3» жанармай құю бекетінде болған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шараларының арқасында шабуыл жасаған барлық бес жігіт бірден ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Үшеуі Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары болса, қалған үшеуі колледж студенттері болып шықты. Олар бастапқыда дүкен маңында орналасқан төлем терминалына шабуыл жасамақ болмаған. Аппаратты балта мен балғаның көмегімен аша алмаған соң олар Құрымбаев пен Әуталипов көшелерінің қиылысында орналасқан «Дидо-3″ жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған. Сондай-ақ, оларға қаруға ұқсас затпен кассирден ақша талап еткен», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Рысқұлов аудандық сотының шешімімен ұсталғандар екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1,4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан