jasqazaq.kz

Еліміздегі ең жемқор орган анықталды

06 желтоқсан 2016, 10:51

organМемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлердің бизнесін шығынға батырып, қызметіне кедергі жасаса да, жауапкершіліктен құтылып кетеді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған форумында мәлімдеді.
 Оның айтуынша, 2015 жылы, сондай-ақ, осы жылдың тоғыз айында заңды кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасау дерегі бойынша 16 іс қозғалды. Оның қорытындысына сай айыптау үкімі екі адамға ғана шыққан. Форум қатысушылары сыбайлас жемқорлықты жеңе алмай отырғанын бірнеше рет қайталап айтумен болды. Ал экономикалық зерттеулер институты жүргізген сауалнама ең жемқор орган ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті анықтаған.

«Экономикалық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, кәсіпкерлер пікірінше, жемқорлық жайлаған органдардың көшбасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұр. Осы салаға үлкен реформалар керек. Ал кейбір елдерде бұл құрылым түрі мүлде жоқ. Денсаулық сақтау бағыты да күрделі зерттеуді қажет етеді. Дәрі-дәрмек сатып алуға биыл 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал дәрілерді сатып алу жұмыстары бойынша ақпарат жабық. Сатып алулардың көбі қағаз түрінде өтеді», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Форум қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын қабылдады.

baq.kz

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?