jasqazaq.kz

Зиялы қауым өкілдері Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар үшін Елбасыдан араша сұрады

21 маусым 2017, 11:50

Қытайда тұратын қазақтардың тарихи отанына келуіне түрлі кедергілер жасалып жатыр. Ал елге оралып, ықтиярхат алғандарды сол жаққа барған бойда құжаттарын тартып алып, кері жібермей жатқан көрінеді. Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген бір топ зиялы қауым өкілдері мен қандастарымыз осылай деп базына айтты.

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Олар Президентке ашық хат жолдап, осы маусым айында өтетін Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында осы өзекті мәселені шешіп беруін сұраған. Қазақстанға көшіп келіп, ықтиярхат алған немесе көшіп келгісі келіп жүргендер Қытай үкіметіне жақпай жатыр екен. Өткен жылдан бері шығыстағы көршіміз туған Отанына кеткісі келетіндерге талапты күшейтіп, тіпті түрлі кедергілер ойлап тапқан. Соның салдарынан мыңдаған қандасымыз ата-бабаларының жеріне орала алмай жатыр.

«Қытай халық республикасында 30-40 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан азаматтар бала-шағасын ертіп, Қазақстанға көшіп келген. Сол Қытайдағы үйлерінің барлығын сатып, Қазақстаннан үй алып, осында қоныстанып отырған азаматтарымызды Қытайға қайтадан шақырып алып, оларды отбасынан айырып, олардың зейнетақыларын тоқтатып, төлқұжаттарының күшін жойып жатыр»”, – дейді кәсіпкер, азаматтық белсенді Қыдырәлі Оразұлы.

Жалпы 25 жылдың ішінде елімізге шетелден бір миллион қандасымыз көшіп келген. Олардың 63 пайызы Өзбекстаннан, 11 пайызы Қытайдан, 7 пайызы Монғолиядан оралған. Қазіргі Қытайда тұратын қандастарымыздың мәселесіне бей-жай қарай алмайтын зиялы қауым өкілдері Елбасына атына ашық хат жазып, араша түсуді сұрады.

«Біздің шетте жүрген қазақтарымызды Қазақстанға алып келу жайлы мәселе көптен бері көтерілуде. Бірақ сол мәселе айтылған жерде қалады. Әсіресе, соңғы кезде оны қиындатып та жіберді»”, – деді жазушы Дулат Исабеков.

«Барыс-келісті тыйған. Қазақтарды Қазақстанмен аралдастырмауда. Виза бермеу, бұл жаққа өткізбеу, өткізген адамдарды тергеу. Неге бардың, неге қойдың осы былтырдан бері басталыпты. Сосын тыйым салынған 26 мемлекеттің тізіміне қосыпты Қазақстанды», – деп ренішін білдірді жазушы Қабдеш Жұмәділов.

Бірер күннен кейін астанада Дүниежүзі Қазақтарының бесінші құрылтайы басталады. Ұлт жанашырлары осы өзекті мәселені құрылтайда көтеруді көздеп отыр.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда