Әзірбайжандағы қару-жарақ қоймасының жарылысынан кейін снарядтар жақын маңдағы үйлерге түсіп жатыр, деп хабарлайды Рен.тв.
Жарылыс Әзірбайжанның Гилязи Хызынский ауданындағы кентте болған.
Соңғы деректер бойынша, жарылыс пен өрт салдарынан зардап шеккендер саны алты адамға жеткен. Қаза болғандар әзірге жоқ. Медициналық қызметкерлер өрттң өршуіне байланысты зардап шеккендерге бара алмауда.
Қазір өртті сөндіру әрекеттері мен үйсіз қалған тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.