jasqazaq.kz

Өзінен үлкен əйелге үйленген қарағандылық жігіт той күні қашып кетті

02 тамыз 2017, 11:02

Өзінен 15 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ болған астаналық Гүлнәр.С. есімді ауқатты келіншек қымбат көлігінен айрылып, далада қала жаздады. Бұл туралы танымал заңгер Шыназбек Маханов NUR.KZ порталына айтып берді. Бай әйелдерді ұршықша иірген алаяқ Қарағанды қаласының тумасы екен.

1985 жылы туған әккі жігіт Гүлнәрмен Астанадағы Уәлиханов көшесінің қилысында танысып, оның ауқатты екенін көлігіне (Гүлнәрдің көлігі жол талғамайтын су жаңа BMB X5) қарап білген. Альфонс жігіт келіншекке бір көргеннен ғашық болғанын айтып, артынан қалмай жүріп түскі асқа шақырған. Одан соң ол киноға апарып, бір ай бойы романтикалық кеш ұйымдастырады. Күйеуі қайтыс болып, ерте жесір қалған келіншек жігіттің арам ойын білмей, достықтары махаббатқа ұласқан. Артынша олар некелесіп, үйленуге бел буады.

Гүлнәр альфонсты Астанадағы зәулім үйіне кіргізіп, бір айдан соң жақын туыс-туғанына кішігірім той да жасаған. Бір қызығы, алаяқ жігіт той біткен соң түнделетіп қашып кетіпті.

«Түнде Гүлнәр ұйқысынан оянып қараса жігіт жоқ. Ол бар киімін жинап, үйдегі бағалы заттармен қатар келіншектің сөмкесіндегі қаржысына дейін алып кеткен. Алайда ол қашқанға дейін Гүлнәрдің 2 бөлмелі пәтері мен қымбат джипін де сатып қаржысын қалтасына басқан»,- деді заңгер.

Өзін жетімдер үйінен шыққанмын деп таныстырған альфонстың шын мәнісінде әке-шешесі де, Қарағандыда екі баласы және заңды некедегі әйелі де болған. Ол оңай жолмен ақша табу үшін Астанаға келіп, алты айдың ішінде үш әйелді осылай алдап соққаны белгілі болды. Тіпті кейбір келіншектер алаяқтан аяғы ауырлап, балалы да болыпты.

«Алаяқ Гүлнәрға бірігіп бизнес ашайық. Ол үшін қаржы керек деп оның екі бөлмелі пәтерімен қымбат машинасын сатқызған. (Жалпы сомасы 150 мың долларға жуық.) Ол қаржы үйде тұрған. Той болған түні сол ақшаны ұрлап қашып кетіп отыр. Алайда, зардап шеккен үш әйелдің арызын негізге ала отырып, алаяқ өз жазасын алды.

Яғни жеті жылға сотталды. Біз сот арқылы Гүлнәрдың екі бөлмелі пәтерін қайтарғанымызбен, көліктің қаржысы альфонста кетті», — дейді қорғаушы Шыназбек Маханов.

Алаяқ басқа әйелдерді де тура осындай сценариймен тақырға отырғызған. Бірінің әкесінен қомақты қаржы, енді бірінің лексус маркалы қымбат көлігін өз атына жаздырып алып, артынша сатып жіберген.

Зардап шегушілер бірігіп арыз жазғандарымен барлық шығындарын толықтай қайтара алмапты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда