Жазира Байырбекова өзін жылқы жануарына теңеп, айды аспанға бір-ақ шығарды.
Әнші өзін тойға шыға бересің деп сөгіп тастаған оқырмандарына жауап беріп, өнер адамдарына қатысты өзіндік ой-пікірін де айта кетті.
«Мен өнер адамдарын жануарлардың ішіндегі жылқыға ұқсатамын:
1) Кей әнші бәйгеге қосатын тұлпардай конкурстарға,арналған;
2) Кей әнші циркте ойнайтын,көрмеде тұратын қызығып қарау үшін жаралған жылқыдай;
3) Кей әншілер ауылда күнделікті тұрмыс тіршілікке пайдаланылатын жылқыға ұқсайды.
Бірақ жылқының қай түрі болса да қазаққа керек.
Мен өзімді үшінші нұсқаға теңеймін. Маған конкурстарға бару, үлкен тұлғалардың алдында ән салу міндетті емес. Мен көрермен, саxна, xалық таңдамаймын!
Мені ән айтуға шақырған жердің бәрі мен үшін киелі! Менің өнер жолындағы мақсатым ұлтымыздың салт дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып, жастардың тәрбиесін бұзбай, дұрыс жол көрсету», — деді ол.