jasqazaq.kz

Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып дүкеншілерді алдап соққан

21 тамыз 2017, 17:37

Ақтөбеде 23 жастағы жігіт өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, дүкеншілерді алдап соққан.

Ақтөбелік тұрғын ішімдік сататын дүкендерге барып, олардың лицензиясын тексермек болған. Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған 23 жастағы жігіт әкімшілік хаттама толтырмас үшін қызметіне 30-60 мың теңге сұраған. «Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы 23 жастағы қала тұрғынының қылмыстық әрекетін анықтап, ұстады. Күдікті өзін полиция қызметкерімен деп таныстырып, алкогольдік ішімдік сататын дүкен иелерінен 30-60 мың теңге сұраған. Әкімшілік жауапкершіліктен босатуға уәде берген күдікті екі дүкен иесін алдады. Ол бұрын сотталмаған», — деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда