jasqazaq.kz

Жүрсін Ерман әділқазыларды неге жерге қаратты?

20 сәуiр 2018, 11:50

Кеше Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі дода Әбілқайыр ханның 325 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған деп хабарлайды.
Nur.kz хабарлағандай, Ақтөбе жұрты айтысты 8 сағаттан аса уақыт тапжылмастан қарады. Ал жүлделі орындар табысталар тұста Жүрсін Ерман айтыстың әділқазыларын ұялтып тастады.
«Біздің әділқазылар келіп отырып, тақтайды көтергені үшін ақша алады. Ал Асанәлі ақша береді», — деді Жүрсін Ерман.
Ақтөбеде өткен айтыста Асанәлі Әшімов қорының 1 мың доллар сыйақысы Дидар Қамиевқа табысталды.
Бас жүлдені жергілікті ақын Ершат Қайболдин иеленді.
Айтысқа қатысқан 18 ақын да сыйсыз қалған жоқ. Үшінші орын алған үш ақынға 500 мың теңгеден табысталды.
Екінші орын алған Ринат Зайытовқа Ақтөбеден миллион теңге бұйырды.
Ал бірінші орынның 1,5 миллион теңгесін Болатбек Оразбаев иеленді.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр