jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігін аламын деп алаяққа алданды

11 желтоқсан 2023, 11:48

Астанада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынған 38 жастағы ер адамды ұстады.
Атап айтқанда, полиция бөлімінің кезекші бөліміне елорда тұрғыны келіп, жүргізуші куәлігін алуы үшін алаяққа 150 мың теңге бергенін хабарлаған.
Ол арнайы ХҚКО-дағы байланыстарға сілтеме жасап, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген. Ақша алғаннан кейін ол жасырынып, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері алдамшыны анықтап, ұстады.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейлер жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері ресми интернет-ресурста (www.gov.kz) орналастырылғанын еске салып, тек уәкілетті орган беретінін айтады.
Жеке тұлғалардан жүргізуші куәлігін жасау туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?