Жылу қазандығын жаңарту: мердігер қаржыны қалай жымқырады?

24 қараша 2023, 11:48

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Семей қаласындағы 3 қазандық бойынша 67 млн теңге шығынды анықтады.
Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Бірақ 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы әбден тозған. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы барысында жылу берудегі ауытқулар орташа есеппен тәулігіне 3 рет тіркеледі.
Қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.
Жылу берудегі дәл осындай түйткілдер Аягөз және Курчатов қалаларында да бар. Мұнда жылу желілерінің тозуы — 53% және 35%.
Құрылған арнайы комиссия құрамына энергетика және ТКШ басқармасы, ІМАД, ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің департаменті, тұрғын үй инспекциясының мамандары кірді.
Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлау деген күдік бойынша мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс шеңберінде жылумен жабдықтаудың 14 нысанын тексеру басталды, оларға аталған компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілген соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты. Былтыр ол пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы ретінде орнатқан болатын.
Соның нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен қамтылуға тиіс абоненттің құқықтары қорғалды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылды.
Осылайша, қала маңындағы тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандары жылумен қамтамасыз етуге байланысты қауіпті жағдайдың алды алынды.
Қазір тергеу жүріп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу