jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова: Үйлене салып, ажырасып жатамыз (Видео)

24 мамыр 2024, 12:49

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды.
«Асығамыз. Асықпайтын уақытта асығамыз, ақиқатты несіне жасырамыз. Жолға шықсақ – жетуге асығамыз, жете салып, кетуге асығамыз. Таңда – бала-бақшаға асығамыз, түсте – алар ақшаға асығамыз, Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз, біреу өлсе – жерлеуге асығамыз. Таныса сап, дайынбыз достасуға, амандассақ, қаяумыз қоштасуға. Үйлене сап, жатамыз ажырасып, асығамыз болуға тағы ғашық. Жағаласып, сандалып, сабылысып, жүгіреміз қашанда алып ұшып. Төзім құрып қалған ба, тағат тозып, әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып. Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз. Осы біздер қай жаққа асығамыз», — деп жазған ол.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасын да, видеосын да қызу талқыға салды. «Дұрыс болмады. Түк жараспайды, өте ұят», «80 жастың ортасына келіп, не өнеге көрсетіп жүрсін», «Жасы келген сайын қылықтары жағымсыз болып барады», «Өте әдемі, «Мына жазбаңыз ауыр екен», «Кімге арнап жазылған екен», «Маңызды тақырыптарды көтеріпсіз», — деп жазуда оқырмандар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?