jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова: Баспен ойнауға болмайды екен…

13 маусым 2024, 13:22

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше жылдан бері бас ауруы мазалап жүргенін жасырмады. Бұл туралы өнер иесі Instagram Stories-те айтты.

«Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Бірінші ем алуым керек екен. Қан талдамасын жасады. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Сөзінше, 2016 жылдан бері басым ауырып, соған тиісті ем қабылдап жүрген. Кейіннен карантин басталып кетті де, ем алуды мүлдем ұмытып кеттім, есімнен шығыпты. Әйтпесе әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп, немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайдылықпен қарай саламыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?