jasqazaq.kz

Жылқы өлтіріп істі болды

30 мамыр 2017, 18:15

Ақмола облысында ауылдасының жылқысын ұрып өлтірген 37 жастағы малшының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 28 мамырында Бұланды ауданы Макинск қаласының 49 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Арызданушының сөзіне қарағанда оның жылқысы малшының қатыгез әрекеті салдарынан арам өлген. «Тергеу амалдары барысында анықталғандай күдікті өзі бағатын жылқыны ұрып үйретпек болған. Алдымен асауды резеңке шлангпен соққының астына алған. Кейін әбден әлсіреген жылқыны ерттеп мініп, 3 шақырымнан астам қашықтыққа тоқтаусыз шапқан. Одан соң бойында күш қуаты таусылған жылқыны боссатып жібере салған. Алайда, әлсіз жылқы көп ұзамай арам өлген. Зардап шегуші малшыға жылқысын үйретуге рұқсат бермеген», деп түсіндірді полицейлер. Қазіргі кезде, қатыгез малшының үстінен ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда ол мал иесіне келтірген 350 000 теңге көлеміндегі шығынды өтеп беруге міндеттеледі.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда