Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген

28 наурыз, 15:55

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл басынан бері ең көп тіркелген интернет алаяқтық түрлерін атады.

«2 айда 3 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Біздің елде интернет алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі белгілі сауда алаңдары мен чаттарында, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде хабарландыру мен жарнамалар арқылы жасалатын интернет сауда. Әдетте алаяқтар өз қызметінің немесе тауардың бағасын нарықтағыдан төмен етіп көрсетіп, алдын ала төлем сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді», — деді орталық бастығы.

Оның сөзінше, алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға:

— Біріншіден, тексерілген жаранама сайттарын пайдалану керек;

— Екіншіден, тауарды қолға алғаннан кейін ғана төлем туралы келісу қажет;

— Үшіншіден, тауардың бар екеніне бейнеқоңырау арқылы көз жеткізу керек. Тауар басқа қалада болса сондағы туыстарыңыз бен таныстарыңыз арқылы алғызу қажет. Сондай-ақ, ол қазақстандықтар күмәнді брокерлік компанияларға, жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына қатысудан шектелмей келе жатқанын айтты.

«Жыл басынан бері 300-ден астам қазақстандық осындай схемаларға алданған Олар өз ақшаларын өмірде жоқ жобаларға салды. Кейбірі тіпті несие алып салған. Алаяқтар ұлттық компаниялардың банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайт құру арқылы азаматтарды адастыруда», — деді ол.

«Келесі кең таралған әдіс – банктер мен құқық қорғау органдарының, басқа мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан шалынатын телефон қоңыраулары», — деді Жандос Сүйінбай.

inform.kz

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды