jasqazaq.kz

Журналист Сәуле Әбединова өзіне қарсы уәж айтқан Меруерт Өтекешованың сынына жауап берді

04 маусым 2017, 11:23

Журналист Сәуле Әбединова актриса Меруерт Өтекешованың сынына қатысты пікірін жазды. Оның айтуынша, мақаланы жазған журналист ортаға от қойып, арандату үшін әдейі жазған. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұловтан сұхбат алып, “Ақжүніс” интернет басылымында жариялаған Сәуле Әбединованың мақаласына қатысты актриса Меруерт Өтекешова уәж айтқан еді. Актриса мақалада өзі жайлы жазған журналисті сынға алған болатын.

“Тұмарымның” түсірілімінен шықтым. Бір күнде 4 бағдарлама қатар түсіретіндіктен, ештеңеге мойын бұруға мұрша жоқ. Кешеден бері жеке чатқа да, ватсапқа да, “Меруерт Өтекешова бүй депті, сөй депті, көрдің бе?..” деген сұрақтар үйіліп қалыпты. Көп тілекшілерім мені емес, оны боқтапты. Соған қарағанда жақсы нәрсе айтпаған шығар деп топшыладым. Ашып оқуға – уақытымды зая кетіргім келмейді. Тек сол тілекшілерім бөліскен сілтеменің 1 ғана абзацтық анонс-мәтініне көз жүгірткенде ұққаным – Өтекешова өзі қазақша жазу былай тұрсын, ойлай алмайтыны белгілі, демек, бір журналистсымақтың Қыз Жібек пен Ақжүністі “жұлыстырғысы” келгені деп қорытынды жасадым.

Ондай мақаланы, тем более оқымаймын. Тіпті, Өтекешова “50-ге келген” менің деңгейіме “тиісуге” толық қақысы бар, өйткені оның деңгейі – 70-те. Жаманқұловпен жасаған сұхбатымдағы “Қыз Жібектен басқа рөлі жоқ, сахналық ғұмыр жоқ” деген сөзімізге қарсы уәж айтып, сол уәжін дәлелдеп берген болса, кешірім сұрауға дайынмын және кешірім сұрағаннан арланбаймын. Ал дау іздеген, аты жоқ журналистсымаққа айтарым, Өтекешова апаймен мен “төбелеседі” деп ойласаң, қателесесің.

Біріншіден, ораза айы. Екіншіден, ораза болмаса да, 50-дегі мына мен 70-тегі апаммен ешқашан “жұлыспаймын”. Үшіншіден, “төбелес” іздеп жүрсең, аты-жөніңді ашық жазып, сөзіңді дәлелдеп көр. Төртіншіден, дау-дамайға, “арандатушы ешкілердің” аранына еріп кетеді десең, қатты қателесесің. Ондай жазбаларды оқып, уақыт кетіру былай тұрсын, пысқырмайтын әдетім бар еді, ренжіме, бауырым. Жазар дауың (заказың) азаймасын. Сол үшін алар қаламақың бұдан да көп болсын! Бақытты бол! Ал біз “Тұмарымды” жасауымыз керек. Саған уақыт жоқ”, – деп жазады Сәуле Әбединова желідегі парақшасында.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда