Журналист денсаулық сақтау саласын реформалауға қатысты дебат жүріп жатқанда ноутбугын сенатордың басына құлатып алды.
Журналистер отыратын балконнан ноутбугын сенатордың үстіне құлатып алған америкалық “Independent Journal Review” басылымының тілшісі Хэйли Берд екені белгілі болды.
Сенатордың денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Хэйли Берд мұның абайсызда болғанын айтып, кешірім сұрады.