jasqazaq.kz

Журналист: Қазіргі қазақ кинолары — арзанқол, «комедия-сымақтар»

20 наурыз 2024, 9:58

Танымал журналист Данияр Есен қазіргі қазақ киноларына қатысты ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Сіздер маған ренжіміңіздер, бірақ өтірік мүләйімсімей, шындығын айтайын. Маған қазіргі шығып жатқан қазақ кинолары ұнамайды. Бәрі — арзанқол, «комедия-сымақтар». Аттары да қойыртпақ тілде. «Жездуха» дей ме, «Балашка», «Ищу тоқал для мужа», «Бешбармак», «Бажуха» дей ме, әйтеуір бәрі дүбәрә тіл. Атауын не таза қазақша қою керек, не таза орысша, ағылшынша қою керек. Қойыртпақ атауы үшін, көп киноға бармадым.

Одан кейін қазіргі фильмдердің 99 пайызы аралас, дүбәрә тілде түсірілген. Жақында «Брат или брак» деген фильмге бардым. Кейіпкерлер қазақша сөйлеп келе жатады да, екінші сөйлемін орысша жалғастырып кетеді. Немесе орысша сөйлеп жатады да, келесі сөйлемін қазақша жалғастырып кетеді.

Сонда бұл не болды? Өздеріне осы сұрақты қойсаң, «Біз шынайымыз. Халық қай тілде сөйлесе, сол тілде түсіреміз», — деп ақталады. Одан кейін 1 млрд теңге касса жинадық деп мақтанады. Жинай берсін. Одан да көп жинасын. Ақша тауып жатқан қазақтың жігіттері ғой. Қызғанбаймын. Берекелі болсын.

Бірақ ана тілімізді қорламау керек. Өстіп жүріп, тіліміз ассимиляцияға ұшырап, түбі жоқ болып кетуі ықтимал.

Айналайын, режиссер-сымақтар, қазақ тілін дәл бұлай қорлауға ешкім құқық берген жоқ сендерге?! Не қазақша түсір, не орысша түсір. Болды. Біреу «Көш жүре түзеледі» дейді. Сенейік. Күтейік. Бірақ, қаншама жыл теперіш көріп, сол қиындықтан аман қалған қазақ тілін дәл осылай қорлауға ешкім жол бермейді.

Құрметті оқырмандарым, сіздерді қойыртпақ, дүбара тілдегі фильмдерге бармауға шақырамын. Ақшасы азайып қалғаннан кейін, өздері-ақ түсінер» деп жазды ол.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?